Шоколад пен сүзбе қосылған рулет.
Тәтілеріміздің қатарын осындай рулет тәтісімен толтырып отырмыз. Рулет дайындалуы аса қиын емес. Өте ерекше тәтті.
Нанына керегі:
Жұмыртқа – 2дана
Ұн – 3 ас қасық
Какао – 2 ас қасық
Қопсытқыш (разрыхлитель) – 0,5 шәй қасық
Қант – 2 ас қасық
Салмасы :
Сүзбе – 400г
Жұмыртқа – 1дана
Қант – 3ас қасық
Сүт – 50мл
Ванилин
Бетін сәндеуге:
Қант ұнтағы
Какао
Шоколад
Дайындалуы:
Ыдысқа сүзбе, қант, жұмыртқа мен сүтті қосып жақсылап араластырамыз.
Шоколадты қамырын дайындаймыз. Жұмыртқаны қантпен араластырып, ұнды қосамыз да какао мен қопсытқышты қосып қасықпен араластырып қамырымызды даярлап аламыз.
Пешімізді жағып табамызды алып май жағып, сүзбе салмасын салып тегістеп үстінен шоколадты қамырымызды саламыз да тегістеп пешке салып пісіреміз.
Піскен соң алып бетіне қант ұнтағын себеміз де бетіне сүлгі жауып табамызды төңкереміз. Енді жаймен піскен тәттімізді ораймыз. Рулетімізді тоңазтқышқа қойып аламыз да дастарханға қоярда шоколадты етітіп құйып , қант ұнтағын себеміз.